Shell тағы бірнеше кенішті игеруге қатыспақ

размер шрифта: Aa | Aa
02.07.2013 14:08
Бұл туралы «Апстрим Интернешл» компанияның директоры Энди Браун мәлімдеді. «Бұл Қашағанды игерудің тек бірінші кезеңі ғана, алда әлі ПОМ /кешенді толықтай игеру/ кезеңі бар»,- деді ол,- алдағы уақытта қазіргі таңдағы әлемдегі ең алып кеніштің жұмысы жалғасады. 1Өздеріңіз көрдіңіздер алау жанып тұр, бұл зауыттың ең соңғы дайын кезеңінің екенін білдіреді. Тексеру толық жүргізілді»,- деді Браун мырза. Сонымен қатар компания Солтүстік Каспий жобасы аясында Қаламқас, Жемчужина кеніштерін игеруді қолға алмақ. Сонымен қатар таяуда Нарын кенішінде іздеу-бұрғылау бастау жоспарланып отыр. Айта кетейік, Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлісу келісімі аясына сәйкес консорциум құрамына кіретін британдық «Shell» компаниясының үлесінде 16,81 пайыз бар.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту