13 жыл бұрын Президент бетін мұнаймен жуған ұл Қашағанды игеруге ат салыспақ

размер шрифта: Aa | Aa
02.07.2013 16:01

Оның есімі - Берік Уап. Англиядағы Мончестер университетінің ІІІ курс студенті. Болашақ мұнайшы – инженер. Алайда осыдан 13 жыл бұрын шетелде білім алу, әлемдегі ең алып кен орындарының бірінде жұмыс істеу туралы ұстанымы өңі түгіл, түсіне де кірмеген еді.

Елбасының Атырауға кезекті сапарына дайындық барысында 7 жасар ер бала іздестірген. Мақсаты: бала – болашағымыз. Ал болашақта теңіз астынан мұнай игеретін осы – балаларымыз деген арманға саяды. Осылайша қара алтынға жуыну бақыты дәл осы Берікке бұйырған. Дәл сол күн оны бірден есейтті, өмірін түбегейлі өзгертті деуге болады. Берік Елбасымен кездесуді еске алады. «Болашағымды тек Қашаған кенішін игерумен ғана елестемін»,- дейді ол. Берік жыл сайын тәжірибе уақытын осында өткізіп келеді


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту