«Қашаған Каспий қайраңының әуені» монументі

размер шрифта: Aa | Aa
02.07.2013 16:02

Қашаған кенішінің атауы – Маңғыстау облысында дүниеге келген 19 ғасырдағы суырып салма, дүлдүл ақын Қашаған Күржіманұлының есімімен байланысты екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Ол 16-17 жасында-ақ ақын атанып, халық арасына танымал болған.

Оның жырларын толғаған домбырасы – Болашақ зауытының бейнесіне айналғандай. Оған монумент дәлел. Домбыра – қазақтың символы. Ондағы жер шары бейнесі үздіксіз қозғалысты білдіреді және халықаралық маңыздылығын айқындайды. Өйткені энергетика тарихында бұрын соңды болмаған ерекше жобаға бірнеше мемлекет атсалысып отыр. Кілт бейнесіне келтірілуі – Каспий қайраңын игеруге деген жол болса керек. Ал қос шектің орнына 7 шектің салынуы да тегін емес. Консорциум құрамына кіретін серіктестіктердің санына байланысты. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК – 16,81 пайыз, «Эни» - 16,81 пайыз, «ЭксонМобил» - 16,81 пайыз, «Шелл» - 16,81 пайыз, «Тоталь» - 16,81 пайыз, «КонокоФиллипс» - 8,40 пайыз және «ИНПЕКС» - 7,56 пайыз.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту