Әлем көз тіккен Қашаған игеруде толық дайын

размер шрифта: Aa | Aa
02.07.2013 14:16

Атырау облысына барған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен еліміздің мәртебелі қонағы Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон Қашаған кен орнының өндірістік нысаны – Болашақ зауытының іске қосуы маңызды кезеңімен құттықтады.

5

Айта кетейік, Қазақстан Британ елімен 1992 жылдан бері дипломатиялық байланыста. Ұлыбритания Қазақстан экономикасының мұнай газ және тау кен саласына бағытталған ең ірі үш инвестордың бірі. 2012 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,3 млрд АҚШ доллар болды. Премьерр Министрдің сапары тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Және ол теңізден алғаш рет мұнай игеру кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Жоба операторы Норт Каспиан Оперейтинг Компании» басқарушы директоры Пьер Оффан мәртебелі қонақтар5а қашықтан басқарылатын Сенсабот роботын таныстырды. Кен орнындағы жоғары қысым мен қашағандық флюидтердің зиянды екенін ескере отырып жасақталған құрылғы төтенше жағдайда жедел әрекет етеді. Оған АҚШ президенті Барак Обама техниканың соңғы жетістігі ретінде өз қолтаңбасын қойған. «Біз 8 жыл бұрын кешенді бірегей қондырғы құрылысының алғашқы кірпішін қалаған едік. Мен сол кезде зауытқа «Болашақ» деп ат қою арқылы ерекше маңыз берген болатынмын. Біз оның болашақ Қазақстанның өсіп-өркендеуінің символына айналатынына зор сенім арттық. Бүгін бұл мақсатты орындау жолындағы елеулі белеске қол жеткізілді, - деді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон «Қашаған» жобасын Қазақстанның мұнай газ саласының дамуының символына теңеді. «Менің ұшағым 1,5 сағаттай кешігіп келді. Ол үшін президент Нұрсұлтан Әбішұлынан кешірім өтіндім. Ол 20 жыл күткенде бір жарым сағат не тәйірі деп әзілдеп жатыр. Жалпы мен британдық «Шелл» компаниясының жобаны іске асыруға атсалысқанын қуанышпен айтқым келеді. Біріккен Корольдік компаниялары күрделі экологиялық жағдайлардағы әзірлемелер жөнінде озық технологияларға ие. Ядролық қарудан бас тарту, қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, экономиканы әртараптандыру - осының бәрі Қазақстанның нақты жетістіктері. Біз мұнай-газ саласында өзара ықпалдастық орнатып қана қоймай, білім беру, мәдениет және Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие өзге де бағыттардағы ынтымақтастықты дамытатын серіктес болғымыз келеді»,- деді мәртебелі мейман.

alt


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту