ConocoPhillips компаниясының Қашағандағы үлесін «ҚазМұнайГаз» АҚ сатып алады

размер шрифта: Aa | Aa
03.07.2013 09:17

 ConocoPhillips концернінің Солтүстік Каспий жобасындағы үлесін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы сатып алатын болды.
Мұнай және газ министрлігінің хабарлауынша, бүгін министрлік ConocoPhillips компаниясына «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңға сәйкес, басымдық құқығын пайдаланып, ConocoPhillips-тің Солтүстік Каспийдегі 8,4% үлесін сатып алу туралы хат жолдады».

«Мемлекет тарапынан аталған үлесті «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы сатып алады», - делінген хабарламада.
Ұлттық компания қажетті тәртіптемелерді рәсімдеуге кірісіп те кетті.

Астана. 2-шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту