PetroChina капиталдандыру жағынан әлемдік топ-10 қайта оралды, ол ондағы АҚШ-тан емес жалғыз компания болып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
04.07.2013 15:49

PetroChina мұнайлы мемлекеттік компаниясының котировкалары соңғы алты күнде 15% өсті, сол себепті ол нарықтық құнының көлемі жағынан әлемдік көшбасшылардың ондығына енді, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Бейсенбіде PetroChina нарықтық бағасы 2,7% көтерілді, ол енді рейтингте тоғызыншы орынға ие.Сарапшылар компания бағасының әлі де 20 пайызға өсетіндей әлуеті бар, деп санап отыр.
Өткен аптада мұнай өндіруші он екінші орынға дейін шегінген болатын, алдында тізімді үш жыл бойына бастап келген еді.
"Ондықтағы" қалған компаниялар түгелдей америкалық.
Әлемнің ең ірі мұнай компаниясы Exxon Mobil, сосын Apple, Google, Microsoft Berkshire Hathaway, Wal-Mart Stores, Johnson & Johnson. General Electric сегізінші орында, Chevron оныншы орында.

Нью-Йорк. 4 шілде. ИНТЕРФАКС-АФИ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту