Ресей газға қатысты әлемдік баға белгілеу мәселелері бойынша ортақ ұстанымды қолдайды - Мәскеудегі Газ экспорттаушы елдер форумының саммиті

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2013 15:47
Мәскеуде Газ экспорттаушы елдер форумына (ГЭЕФ) қатысушы мемлекеттердің президенттері және үкімет басшыларының екінші саммиті жұмысын бастады.

Саммитке Ресей, Венесуэла, Иран мен Гвинея президенттері, сонымен қатар, ГЭЕФ-қа мүше сегіз елдің үкімет басшылары қатысуда. Форум бақылаушысы қызметін атқаратын қазақстандық тараптан «ҚазМұнай Газ» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов қатысады.

РФ Президенті Владимир Путин газ экспорттаушы елдердің тығыз өзара іс-қимыл жасау және олардың мүдделерін қорғау қажеттілігін атап өтті.

«Біздің негізгі міндетіміз - әлемдік нарыққа газ жеткізуді ұзақ мерзімді перспективаға тұрақтандыру», - деп мәлімдеді Ресей президенті В.Путин.

Саммит барысында газ нарығының болашағы, сондай-ақ, газды экспорттаушы елдердің мүдделерін қорғау шаралары қаралады деп күтілуде. Кездесу соңында көгілдір отынды жеткізу саласындағы газ-экспорттаушы елдердің басымдықтары туралы Декларацияға қол қою жоспарлануда.

Газ экспорттаушы елдер Форумы (ГЭЕФ) - табиғи газ экспорттау бойынша жетекші елдер бірлестігі. Оған әлемдік газ нарығының 60 пайызын бақылап отырған 13 ел кіреді. Олардың арасында Ресей, Венесуэла, Мысыр, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б. елдер бар. Аталған форумда Қазақстан бақылаушы ел болып табылады.

МӘСКЕУ. 1 шілде. ҚазАқпарат  

Ключевые слова: РесейМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту