Сирия мен Ливиядағы тұрақсыздық салдарынан мұнайдың бағасы қымбаттап отыр, баррель үшін Brent 111,25 доллар

размер шрифта: Aa | Aa
26.08.2013 12:28

Дүйсенбіде таңертең мұнай бағасы қатарынан үшінші сессия бойына көтеріліп отыр, оған Сирияда батыс үлкен әскери операция бастап кетеді ме, деген қауіп және Ливиядан тасымалданатын көмірсутегі экспортының әлі де толық қалпына келтірілмеуі себеп болып отыр.

Сонымен қатар,Федералды резерв қыркүйек айында ынталандырушы бағдарламаларды тоқтатпайды деген ойлар да мұнай рыногына қолдау көрсетуде, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.
Қазан үшін ICE Futures лондон қор биржасында мәскеулік 9:03 сағатта Brent мұнайына фьючерс котировкасы баррель үшін 0,21 (0,19%) долларға өсті -111,25 долларға дейін артты.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел президент тапсырмасына орай әскери ведомствоның Сирияға қарсы әскери операциялар жоспарын дайындап қойғандығын және оны жүзеге асыру үшін Барак Обаманың нұсқауын ғана күтіп отырғандығын мәлімдеді.
Дамаск оппозицияға қарсы химиялық қару қолданған жағдайда жауап ретінде АҚШ бастауы ықтимал операцияға Ұлыбританияның қарулы күштері қосылуға дайын.

Нью-Йорк. 26 тамыз. ИНТЕРФАКС-АНИ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту