АҚШ-тағы оқиғаларға байланысты Brent маркалы мұнайдың құны төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2013 12:11

АҚШ бюджетіне қатысты туындаған прболемаларға байланысты жұма күні мұнай бағасы арзандады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Жұма күні Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының қараша айына арналған фьючерстерінің бағасы 0,12 (0,11%) долларға төмендеді. Бұл маркадағы мұнайдың баррелі 108,88 долларға бағаланды. Бейсенбі күні кешқұрым Brent-тің баррелі 19 центке арзандап, 109 долларға тұрақтаған болатын.

Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің құны 17 центке төмендеп, бір баррель қара алтын бағасы 103,14 долларды құрады.

Нью-Йорк. 4-қазан. ИНТЕРФАКС 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту