Бүгін таңертеңгі сауда-саттықта мұнай бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
07.10.2013 15:20

Дүйсенбі күні «Карен» дауылынан кейін Мексика шығанағында өндірілетін мұнай көлемі қайта қалпына келтіріліп, нәтижесінде қара алтын бағасы арзандай бастады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Дүйсенбі күні Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының қараша айына арналған фьючерстері 0,35 (0,11%) долларға төмендеді. Аталған мұнай маркасының бір баррелі 109,11 долларға бағаланды. Жұма күні кешқұрым Brent-тің баррелі 19 центке қымбаттап, 109 доллар 46 центке тұрақтаған болатын.
Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 52 центке төмендеп, бір баррель қара алтын бағасы 103,32 долларды құрады.

Нью-Йорк. 7-қазан. ИНТЕРФАКС 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту