АҚШ-та мұнай құбырындағы апат салдарынан мұнай төгілді

размер шрифта: Aa | Aa
11.10.2013 15:54

Американың Солтүстік Дакота штатында 20 мың баррельге жуық мұнай төгілді, деп хабарлайды YTPO.ru. 

Оқиға Tesoro Logistics компаниясының мұнай құбырында орын алды. Бұл Bakken өңіріндегі ең үлкен апат саналады. Ол жерде қатпарлы көмірсутек өндіріледі.

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда мұнай құбырының жұмысы тоқтатылды. Компания жөндеу жұмыстарына $4 млн бөлді. Жұмыстар бірнеше айға созылуы мүмкін.


АСТАНА
11 қазан 2013,  BNews.kz 


 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту