20 жылдан кейін мұнай баррелі 160 долларға көтеріледі

размер шрифта: Aa | Aa
08.11.2013 11:30
Әлемде мұнайдың тұтыну көлемі 20 жылдан кейін тәулік сайын 108,5 млн баррельге дейін көтеріледі,  деп хабарлайды World Oil Outlook 2013 Мұнай сарапшылары елдері ұйымы (ОПЕК).

Өткен жылы мұнай баррелі тәулігіне 107,3 млн. баррель болса, алдағы жылдарға деген болжам бойынша ол едәуір көтерілмек.

ОПЕК сарапшылары мұнайға деген сұраныс экономиканың дамуы есебінен артады деген пікірде.

ҚХР-да мұнайға деген сұраныс 2035 жылы 2012 жылға қарағанда 1,8 есе артады, яғни тәулігіне 17,5 млн баррель, Үндістанда 2,5 есе, тәулігіне 9,3 млн. баррель.

Сонымен бірге, ОПЕК мұнайға деген сұраныс әлемде 2018 жылға дейін орташа есеппен тәулігіне 0,9 млн. баррельге дейін көтеріліп, тәулігіне 94,4 млн. баррельге жетеді деген болжам жасап отыр.

Сарапшылардың есебіне сай, «қара алтынға» деген баға 2020 жылға дейін баррелі 110 доллар деңгейінде қалады. 20 жылдан кейін мұнайдың баррелі 160 долларға дейін көтеріледі.

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ӘлемМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту