Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келісімнен кейін мұнай арзандай бастады; Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 109 доллардан сатылды

размер шрифта: Aa | Aa
26.11.2013 09:19

Дүйсенбі күні таңертең Brent және WTI маркалы мұнай бағасы арзандады. Бұған жексенбіге қараған түні Тегеран мен «алтылық» арасында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге келуі түрткі болып отыр, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Түсте Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайына арналған қаңтар фьючерстері 2,09 долларға төмендеп, бір баррелі 108,96 долларға жетті.
Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстерінің құны 1,43 долларға төмендеп, бір баррелі 93,14 доллардан сатылды.
Бұрын хабарланғандай, сенбіден жексенбіге қараған түні Тегеран мен «алтылық» Женевада Иранняң ядролық бағдарламасы жөнінде келісімге келген болатын. Келісім бойынша, Иран ядролық бағдарламасы мен Аракадағы реактор құрылысын жарты жылға тоқтатуы тиіс. Ал, Батыс Тегеранға қарсы қолданылған экономикалық санкцияларды әлсіретеді.

Нью-Йорк. 25-қараша. ИНТЕРФАКС 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту