Иран санкциялар алынып тасталған күннің өзінде мұнай экспортын бұрынғы қалпына келтіре алмайды – ХЭА

размер шрифта: Aa | Aa
26.11.2013 09:20

АҚШ пен ЕО барлық санкцияларды алып тастаған күннің өзінде Иран мұнай мен газ экспортын дағдарысқа дейінгі деңгейге бірден жеткізе алмайды. Бұл туралы журналистерге Халықаралық энергетика агенттігінің атқарушы директоры Мария ван дер Хувен мәлім етті.

Оның айтуынша, «Иран осынша мұнай өндіреді және экспортқа шығарады» деп болжам жасауға әлі ерте. Себебі, бекітілген келісім уақытша сипатқа ие және 6 ай әрекет етпек.
Бұрын хабарланғандай, сенбіден жексенбіге қараған түні Тегеран мен «алтылық» Женевада Иранняң ядролық бағдарламасы жөнінде келісімге келген болатын. Келісім бойынша, Иран ядролық бағдарламасы мен Аракадағы реактор құрылысын жарты жылға тоқтатуы тиіс. Ал, Батыс Тегеранға қарсы қолданылған экономикалық санкцияларды әлсіретеді.
Келісімнің бастапқы сатысы жарты жылға аналған. Бұл уақыт ядролық қаруды бейбіт мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін өлшемдер туралы түбегейлі келісімге келу үшін келіссөздерді жалғастыруға жұмсалады.
Келісімге сәйкес, «алтылық» ирандық мұнай экспорты көлемін төмендетуге бағытталған шараларды тоқтата тұруы тиіс және Иранның көмірсутегі сатудан түскен, бірақ шетелде жатқан ақшасын қайтаруға мүмкіндік береді.
Алайда, келісім Иран мұнайын сатуға қойылған санкцияларды жоймайды. Ақырғы келісімге қол қойғанға дейін ислам республикасы тәулігіне 1 млн баррельден артық мұнай экспорттай алмайды.

Мәскеу. 25-қараша. ИНТЕРФАКС 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту