ШЫҰ елдері энергетикалық клуб құруға келісті

размер шрифта: Aa | Aa
09.12.2013 10:09

Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдер энергетикалық клуб құру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады журналистерге РФ энергетика министрлігі басшысының орынбасары Анатолий Яновский.

Оның айтуынша, энергоклубтың міндеті ШЫҰ елдері үшін әлемде энергоресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты болжамдар негізінде қалай қимылдау керектігі бойынша ұсыныстар әзірлеп беру.
Бұл энергоклуб, сол себепті оның шешімдері міндетті түрде орындалуға тиіс емес, оның міндеті ШЫҰ хатшылығына жөнелтілетін ұсыныстарды әзірлеу", деді А.Яновский.
Құжатқа Ресей, Ауғанстан, Белоруссия, Қазақстан, Қытай, Моңғолия,Үндістан, Тәжікстан, Түркия және Шри-Ланка энергетика министрлерінің орынбасарлары қол қойды.

Мәскеу.6 желтоқсан. ИНТЕРФАКС

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту