Лукойл Ирак мұнайының кезекті партиясын тиеуге кірісті

размер шрифта: Aa | Aa
15.09.2014 12:10

Ирактың оңтүстігіндегі Басра портында «Батыс Курна-2» жобасы бойынша компенсациялық мұнайды тасымалдау үшін LITASCO компаниясы («ЛУКОЙЛ» ААҚ халықаралық маркетингтік және сауда бөлімшесі) кіреге алған әрқайсысының сыйымдылығы 2 млн баррель   екі танкерге мұнай тиеле бастады.   

ЛУКОЙЛ Ирактағы Батыс Курна-2 кен орнын игерудің бірінші фазасы (Шикі мұнай) шеңберінде  Компания шығындарын өтеу есебінен Сервистік келісімшарт талаптарына сай компенсациялық мұнай алады.

Таяуда танкерлердің бірі (Achilleas) Сицилиядағы Аугуста портына  қарай жолға шығады, мұнда мұнайды ЛУКОЙЛ-ға тиесілі  Приолодағы ISAB  МӨЗ-де түсіреді, ал екінші  танкер  (Front Kathrine) мұнайды ЕО тұтынушыларына жеткізеді.

Басрадан 19 тамызда шыққан  Sea Triumph танкері ү.ж. 1 қыркүйегінде ауқымы 1 млн баррель  компенсациялық мұнайдың бірінші партиясын  итальян порты Аугустаға  ойдағыдай жеткізді. Мұнайдың бірінші партиясының көбірек бөлігі Приолодағы Компанияның МӨЗ жіберілді.

Батыс  Курна-2  кен орнындағы өндірілген мұнай бүгінгі күні тәулігіне 300 мың баррельден асады.  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту