KPMG International Accounting Bulletin үш наградасына ұсынылды

размер шрифта: Aa | Aa
23.09.2014 17:56

Лондонда 16 қыркүйекте өткен International Accounting Bulletin (IAB)  басылымының наградаларын тапсыру салтанатында KPMG International үш номинацияда жеңімпаз атанды:

  • «Аудиттегі инновациялар»;
  • «Жылдың әлеуметтік жауапты компаниясы» (үш жыл қатарынан);
  • «Әлеуметтік желілерді игеру жөніндегі көшбасшы» (екі жыл қатарынан).

«Аудиттегі инновациялар»

Осы санаттағы награда  KPMG-ге осы үдерістің тиімділігін арттыру мақсатында  қаржы есептілігіне аудит жүргізу үшін үнемді  технологияларды пайдаланатын  Lean in Audit тәсілін іске асырғаны үшін берілді. Жаңа жұмыс тәсілдері бірқатар KPMG фирмаларына, атап айтқанда  Австралия, АҚШ, Канада және  Нидерландыдағы фирмаларына енгізілді және клиенттер осы өзгерістерге оң баға беріп отыр.

«Біздің аудитке үнемді технологияларды  пайдалану тәсілімізді IAB атап көрсеткені үшін өте қуаныштымыз. Бұл инновациялық тәсіл  нәтижесінде біздің клиенттеріміздің  және мүдделі тараптарымыздың бизнесіне  оң әсерін тигізе отырып, қызметтердің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді», – дейді  KPMG Аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі халықаралық тәжірибесінің басшысы Ларри Брэдли.

«Жылдың әлеуметтік жауапты компаниясы»

KPMG осы санатта «жауапты бизнес идеясын қолдағаны үшін», соның ішінде көмірқышқыл газының шығарындыларын қысқартудағы жоғары нәтижелері үшін және KPMG қызмет атқаратын аймақтарда жергілікті қоғамдастыққа елеулі қолдау көрсеткені үшін атап өтілді. IAB KPMG-ның   халықаралық кәсіпкерлік студенттік  бағдарламаларды іске асыратын Enactus ұйымымен табысты қарым-қатынас жасағанын ерекше атап көрсетті. Ынтымақтастық 30-дан астам елді қамтиды және  студенттерге  өздері тұрып жатқан елде кейіннен қолдана алатын жауапты бизнес жүргізуге дағдылануға  көмектеседі.

«Біз үш жыл қатарынан «Жылдың әлеуметтік жауапты компаниясы» атағын алып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз, – дейді  Корпоративтік әлеуметтік жауаптылық жөніндегі KPMG Халықаралық тобының басшысы  лорд Майкл Хастингс. – әлемде тұрақты дамуды қамтамасыз ету біздің қолымызда екеніне  сенімдіміз және біздің адамдар, жергілікті қоғамдастық және нарық алдындағы жауапкершілігімізді толық сезінеміз».

«Әлеуметтік желілерді игеру жөніндегі көшбасшы» (халықаралық деңгейде)

KPMG International  екінші жыл қатарынан  «Әлеуметтік желілерді игеру жөніндегі көшбасшы» номинациясында жеңімпаз атағын алып келеді. Атап айтқанда, KPMG әртүрлі әлеуметтік медиа (www.kpmg.com/socialmedia) белсенділігін елеулі өсіргені үшін, сонымен қатар,   Twitter әлеуметтік желісіне орналастырылған Давостағы (Швейцария)Дүниежүзілік экономикалық форумда нақты уақыт режимінде үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп тұрған WEFLIVE сервисін әрі қарай жетілдіргені үшін IAB  жоғары бағасын алды. 2014 жылы  KPMG  сүзгілеу, іздестіру жүйесін жетілдірді және деректерді визуалдандыру үшін жаңа атқарым қосты.

«Біздің брендтің танымалдығын арттыруда белсенді жұмыс атқара отырып, әлеуметтік медиа мәселелері бойынша диалогқа қатыса отырып және  біздің WEFLIVE инновациялық қызметімізді жетілдіре отырып, біз IAB жоғары бағасын қайта алғанымызды мақтан етеміз», – дейді KPMG Бизнес және сауданы дамыту халықаралық тәжірибесінің басшысы  Изабель Аллен.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG

KPMG – бұл аудиторлық, салықтық және консультациялық кеңес беретін халықаралық  фирмалар желісі. KPMG  офистерінде әлемнің  155 елінде  155 000 астам қызметкер жұмыс істейді. 

Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG он жеті жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр және  «Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі құрған 2010, 2011  және  2012 жылдардағы рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстандағы ірі  аудиторлық-консалтингтік фирмалардың тізіміне кіреді.  Біз өз жұмысымызға  біздің жергілікті мамандардың тәжірибесін дүниежүзі бойынша KPMG  фирмаларының халықаралық интеллектуалдық капиталымен    үйлестіре отырып пайдаланамыз. Біз салық және заңгерлік мәселелерді шешуді, қызметтердің тиімділік көрсеткіштерін жетілдіру бойынша және тәуекелдерді басқару  бойынша қызмттерді  қоса алғанда, қаржы есептілігін жүргіземіз, консультациялық қызметтер көрсетеміз, сонымен қатар мәмілелерге қолдау көрсету, қаржы тарту  және қайта құрылымдау   мәселелері бойынша кеңес береміз.

Қазақстанда және Орталық Азияда шамамен  400 маман біздің Алматы, Астана, Атырау, Бішкек бөлімшелерінде  жұмыс істейді.

 Толық ақпаратты

Қарлығаш Калтаевадан, Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG Маркетинг бөлімінің басшысынан алуға болады.  

Тел.: +7 (727) 298 08 98 (доб. 61136)

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

www.kpmg.kz

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту