"Тоталь" концернінің қызметкерлеріне, " Total " Директорлар Кеңесінің Төрағасы және Президенті Кристоф де Маржеридің әуе апатында қаза табуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту

размер шрифта: Aa | Aa
22.10.2014 09:45
"Тоталь" концернінің қызметкерлеріне, " Total "  Директорлар Кеңесінің Төрағасы және Президенті  Кристоф де Маржеридің әуе апатында қаза табуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту  

«KAZENERGY» қауымдастығының ұжымы, Қазақстанның мұнай-газ саласының қызметкерлері Кристоф де Маржеридің қазасына байланысты  оның туған-туыстарына, «Total» компаниясының барлық қызметкерлеріне  қайғырып  көңіл айтады.

Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл «Total» компаниясы үшін де, компаниямен бірлесіп жобаларды жүзеге асырып жатқан көптеген қазақстандық мұнайшылар үшін де орны толмас қаза.  Қазақстанның мұнай-газ саласының мамандары техникалық қиын әрі  қысылтаяң жағдайларда барлау және өндіру бойынша күрделі жобаларды  жүзеге асыруда, Каспий теңізінде  геофизикалық зерттеулер жүргізуде «Total» коомпаниясының қосқан зор үлесін жоғары бағалайды. Біз бұрынғыша «Total» компаниясымен бірлесіп табысты жұмыс істеуді жалғастырамыз. Кристоф де Маржеридің Қазақстанда әзірлеген жоспарлары мен жобалары міндетті түрде жалғасын табады.  

Кристоф де Маржеридің ізгі істері мәңгілік есте сақталады, марқұмның жаны жаннатта, топырағы торқа болсын.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту