Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
10.11.2011 12:29

Әлемнің басты мұнай биржаларында сәрсенбіде өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $112,31 (-2,69)/барр.

ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $111,78 - $115,75 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $95,74 (-1,06)/барр. болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $94,54 - $97,84 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 10 қараша. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту