Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай өсті

размер шрифта: Aa | Aa
14.11.2011 10:09

Алдыңғы қатарлы мұнай биржаларындағы жұма күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларының сайттарында осындай ақпарат жарық көрді.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондонның Inter Continental Exchange (ICE) биржасында ICE Brent Crude Futures үшін $114,16 (+0,45)/барр құрады. ICE мәліметтерінше, сауда күні барысында мұнай баррелінің бағасы $113,06-$114,91 аралығында болды.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы New York Mercantile Exchange (NYMEX) биржасында Light Sweet Crude Oil келісімшарты үшін $98,99 (+1,21)/барр болды. NYMEX-тің хабарлауынша, сауда күнінде баррель бағасы $97,35- $99,4 аралығында болды. Мұнай бағасы соңғы 3 айдағы ең жоғары көрсеткішіне жетті (2011 жылдың 22 шілдесінде -$99,87/барр).

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту