Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
15.11.2011 11:58

Әлемнің басты мұнай биржаларында дүйсенбіде өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $111,89 (-2,27)/барр.

ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $111,32 -$114,83 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $98,14 (-0,85)/барр. болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $97,19 -$99,69 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 15қараша. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту