Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы Нью-Йорк биржасында $102/бар-ден асты

размер шрифта: Aa | Aa
17.11.2011 12:42

Әлемнің басты мұнай биржаларында сейсенбіде  өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $111,88 (-0,3)/барр.

ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $110,14 - $112,5 аралығында құбылып тұрды.

Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX)биржасында - Light,Sweet Crude Oil Oil  $102,59 (+3,22)/барр. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың

бағасы $98,39 - $102,89 аралығында құбылып тұрды. Мұнай бағасы соңғы 6 жылда ең жоғарғы мәніне жетті. Ағымдағы жылы мамыр айында мұнай бағасы $113,52/барр болған.

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту