Түрікменстан Қытайға табиғи газ жеткізуді ұлғайтады

размер шрифта: Aa | Aa
24.11.2011 13:13
Қытай Түрікменстаннан табиғи газ сатып алуды ұлғайтады.

Бейжіңде сәрсенбі күні ҚХР СІМ ресми өкілі Лю Вэймин мәлімдегендей, Түрікменстан мен Қытай көшбасшыларының келіссөздері қорытындылары бойынша, түрікмен газын Қытайға жеткізуді ұлғайту туралы келісім жасалды.

Қытай дипломаты Бейжің Ашхабадпен энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті және Қытайға түрікмен газын жеткізуді ұлғайтуға ниетті. Түрікменстан ірі газ өндіруші, ал Қытай «көгілдір отын» тұтынушы. Бүгінгі таңда Қытайға табиғи газ «Орталық Азия-Қытай» құбыры арқылы тасымалдануда.

Бұдан бұрын президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қытай БАҚ-тарына берген сұхбатында Түрікменстанның Қытаймен қатынастары ұзақмерзімді, стратегиялық сипатта екенін мәлімдеді. «Түрікменстан үшін Қытай орасан зор және ұлы мемлекет қана емес, қуатты әлемдік экономикалық және өнеркәсіптік орталық, кең ауқымды және перспективалы нарық. Бұл - сыннан өткен сенімді дос», деп  атап көрсетті түрікмен басшысы.

БЕЙЖІҢ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту