
Мұнайдың әлемдік бағасы түрлі бағытта өзгерді
размер шрифта: Aa | Aa |
01.12.2011 11:38 | ||
Әлемнің алдынғы қатарлы мұнай биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы түрлі бағытта өзгерді. Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларының сайтында осындай ақпарат жарық көрді.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондондағы InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $110,52 (-0,3)/барр. болды. ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $109,65 - $112,03 аралығында құбылып тұрды. New York Mercantile Exchange биржасында алдағы айға мұнай фьючерстерінің орташа құны Light, Sweet Crude Oil $100,36 (+0,57)/барр. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $98,92 - $101,75 аралығында құбылып тұрды. Алматы. 1 желтоқсан. ҚазТАГ
|