2013 жылдан бастап қазақ мұнайы Әзербайжанға тасымалдануы мүмкін

размер шрифта: Aa | Aa
07.12.2011 15:11
2013 жылдан бастап, Қазақстанның Қашаған кен орнындағы мұнай Әзербайджанға тасымалдануы мүмкін.

Бұл туралы Бакуде Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған мерекеде Әзербайжанның Энергетика және өндіріс министрі Натииг Алиев мәлімдеді, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметінен.

Н.Алиевтің атап өтуінше, Қашаған мұнайын тасымалдау транскаспий құбыры арқылы жүзеге асыырылады. Бұл - Қазақстанның Каспий мұнай тасымалдау жүйесінің (ҚКТС) бөлігі.

«Келісімсөздердің қортындысы бойынша, 2013 жылдан бастап осы кен орнынан Әзербайжанға 5-7 миллион тонна мұнай тасымалданатын болады», - деді министр.

 ҚазАқпарат анықтамасы: ҚКТС жобасы Қазақстан мұнайын экспорттауға арналған. Мұнай негізінен Теңіз және Қашаған кен орындарынан тасымалданып, «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы өтеді.


АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту