Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы көтерілді

размер шрифта: Aa | Aa
04.01.2012 10:46

Әлемнің басты мұнай биржаларында сейсенбіде  өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $112,13 (+4,75)/барр.

ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $108,35 - $112,44аралығында құбылып тұрды.

Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX)биржасында - Light,Sweet Crude Oil Oil  $102,96 (+4,13)/барр. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $99,65 - $103,18 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 4 қаңтар. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту