Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
16.01.2012 10:51
Әлемнің алдынғы қатарлы мұнай биржаларындағы жұма күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді. Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларының сайтында осындай ақпарат жарық көрді. Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондондағы InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $110,44 (-0,82)/барр. болды. ICE мәліметтерінше сауда күні баррель бағасы $109,71 - $112,5 аралығында құбылып тұрды. Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $98,7 (-0,4)/барр. болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $97,7 - $100,19 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 16 қаңтар. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту