Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы көтерілді

размер шрифта: Aa | Aa
18.01.2012 18:01

Әлемнің басты мұнай биржаларында сейсенбіде  өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $111,53 (+0,19)/барр.

ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $110,56 - $112,76 аралығында құбылып тұрды.

Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX)биржасында - Light,Sweet Crude Oil Oil  $100,71 (+2,01)/барр. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $98,6 - $103,13 аралығында құбылып тұрды.


Алматы. 18 қаңтар. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту