Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
31.01.2012 10:47

Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $110,75 (-0,71)/барр.
ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $110,25 -$111,78аралығында құбылып тұрды. Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $98,78 (-0,78)/барр. болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $98,43 -$100,05 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 31қаңтар. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту