Мұнайдың әлемдік бағасы түрлі бағытта өзгерді

размер шрифта: Aa | Aa
03.02.2012 16:42


Әлемнің алдынғы қатарлы мұнай биржаларындағы өткен күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы әр бағытта өзгерді. Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларының сайтында осындай ақпарат жарық көрді.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондондағы InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $112,07 (+0,51)/барр.

болды. ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $111,04 - $112,56 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $96,36 (-1,25)/барр. болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $95,44 - $97,99аралығында құбылып тұрды.


Алматы. 3ақпан. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту