Қара теңіздің румындық қайраңында алғашқы газ кеніші табылды

размер шрифта: Aa | Aa
24.02.2012 10:56

Американдық ExxonMobil мен румындық Petrom Қара теңіз қайраңынан ірі газ кенішін тапты, оның әлеуетті қоры 84 миллиард текшеметрге жетуі мүмкін, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Газ табылған «Домино-1» ұңғысы «Нептун» блогында Румыния жағалауынан 170 шақырым жерде орналасқан. Блокты ExxonMobil мен  австриялық OMV тобы (Petrom бақылауында) барлауда.

Компанияның хабарламасында егер әлеуетті қорлар қуатталса, онда бұл ашылым OMV-ның бүкіл тарихындағы ірі газ жобасы  болмақ, деп атап өтілген. Онда әріптестердің кенішті барлауға инвестициялары бірнеше миллиард долларға жетпек.

Бұл хабардан кейін Вена қор биржасында  OMV акциялары 3,2 пайызға,   Petrom акциялары 5,2 пайызға өсті.

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту