Statoil Танзания қайраңынан ірі газ кенішін тапты

размер шрифта: Aa | Aa
29.02.2012 14:33
Statoil және  ExxonMobil Танзания қайраңынан ірі газ кенішін тапты. Бұл туралы норвег компаниясының ресми баспасөз баянында мәлімделген, деп хабарлады Лента.ру. Statoil үшін бұл Шығыс Африка жағалауынан табылған алғашқы кеніш.

Алдын ала бағалаулар бойынша, кеніштегі отын қоры 141,5 миллиард текше метрді құрайды. Statoil баспасөз хатшысы Баард Гад Педерсен оның көлемі бұдан да көп болуы мүмкін дегенді айтты.

Statoil кеніштің 65 пайызын, ExxonMobil 35 пайызын иеленбек, ал Tanzania Petroleum Development Corporation мемлекеттік компаниясы 10 пайыз үлеске ие болмақ.

Норвег компаниясының хабарында газ өндіруді ұйымдастыру үшін инфрақұрылым нысандарын салу қажет екендігі айтылған, өйткені Танзанияда шикізат индустриясы дамудың бастапқы кезеңінде тұр. Осы елдің экономика және қаржы министрі Мұстафа Мкуло биылғы жылдың басында мәлімдегеніндей, үкімет шетелдік инвестициялар есебінен Танзанияны «газ республикасына» айналдыруды көздеп отыр

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту