Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
07.03.2012 11:31


Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $121,98 (-1,82)/барр.

ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $121,59 - $124,39 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $104,7 (-2,02)/барр. болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $104,51 - $107,34 аралығында құбылып тұрды.


Алматы. 7 наурыз. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту