Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
16.03.2012 11:06


Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $123,55 (-1,42)/барр.

ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $120,97 - $125,35 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $105,11 (-0,32)/барр. болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $103,78 - $106,18 аралығында құбылып тұрды.


Алматы. 16 наурыз. ҚазТАГ  



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту