
Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы көтерілді
размер шрифта: Aa | Aa |
03.04.2012 10:25 | ||
Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $125,43 (+2,55)/барр. ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $121,7 - $125,63 аралығында құбылып тұрды. Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX)биржасында - Light,Sweet Crude Oil Oil $105,23 (+2,21)/барр. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $102,06 - $105,49 аралығында құбылып тұрды.
|