Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
05.04.2012 10:29


 Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $122,34 (-2,52)/барр.


ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $122,3 - $124,99 аралығында құбылып тұрды.
Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange (NYMEX) мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $101,47 (-2,54)/барр. болды.
NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $101,08 - $104,12  аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту