Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
10.04.2012 12:02


Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $122,67 (-0,76)/барр.


ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $121,02 - $122,86 аралығында құбылып тұрды.
Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange (NYMEX) мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $102,46 (-0,85)/барр. болды.
NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $100,81 - $102,6  аралығында құбылып тұрды.


Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту