Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы көтерілді

размер шрифта: Aa | Aa
12.04.2012 14:37

Әлемнің басты мұнай биржаларында сәрсенбіде өткен сауданың қортындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді. Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайттарында осындай ақпарат жарияланған.

Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) биржасында - IСE Brent Crude Futures $120,18 (+0,3)/барр болды. ІСЕ мәліметтеріне сәйкес, сауда күні барысында баррель бағасы $119,05 - $120,8 аралығында болды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $102,7 (+1,68)/барр. болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель $100,84 - $103,13 аралығында болды.

Алматы. 12 сәуір. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту