
Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы құбылып тұр
размер шрифта: Aa | Aa |
20.04.2012 11:46 | ||
Әлемнің басты мұнай биржаларында бейсенбі күні күні өткен сауданың қортындысы бойынша мұнай бағасы түрлі бағытта өзгерді. Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайттарында осындай ақпарат жарияланған.
Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) биржасында - IСE Brent Crude Futures $118 (+0,03)/барр болды. ІСЕ мәліметтеріне сәйкес, сауда күні барысында баррель бағасы $117,68 - $119,15 аралығында болды. Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $102,27 (-0,4)/барр. болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель $101,67 - $103,21 аралығында болды.
|