Мұнайдың әлемдік бағасы түрлі бағытта өзгерді

размер шрифта: Aa | Aa
28.04.2012 10:23
 Әлемнің алдынғы қатарлы мұнай биржаларындағы өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы түрлі бағытта өзгерді. Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларының сайтында осындай ақпарат жарық көрді.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондондағы InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $119,83 (-0,09)/барр. болды.

ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $119,06 - $119,95 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $104,93 (+0,38)/барр. болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $103,74 - $105 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 28 сәуір. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту