Мұнайдың әлемдік бағасы түрлі бағытта өзгерді

размер шрифта: Aa | Aa
10.05.2012 10:53

Әлемнің алдынғы қатарлы мұнай биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы түрлі бағытта өзгерді. Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларының сайтында осындай ақпарат жарық көрді.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондондағы InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $113,2 (+0,47)/барр.

болды. ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $111,31 - $113,27 аралығында құбылып тұрды.

New York Mercantile Exchange биржасында алдағы айға мұнай фьючерстерінің орташа құны  Light, Sweet Crude Oil $96,81 (-0,2)/барр. 

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $95,17 - $97,39 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 10 мамыр. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту