
Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы көтерілді
размер шрифта: Aa | Aa |
19.07.2012 12:38 | ||
Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $105,16 (+1,16)/барр.
ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $103,22 - $105,6 аралығында құбылып тұрды. Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX)биржасында - Light,Sweet Crude Oil Oil $89,87 (+0,65)/барр. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $88,59 -$90,04 аралығында құбылып тұрды. Алматы. 19шілде. ҚазТАГ
|