Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы арзандады

размер шрифта: Aa | Aa
03.08.2012 12:05
Әлемнің басты мұнай биржаларында бейсенбі күні өткен саудада әлем нарығындағы Brent маркалы мұнай бағасы арзандады, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты.

Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $105,9 (-0,06)/барр құрады.

ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $104,97 - $107,3 аралығында болды.

Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX)биржасында - Light,Sweet Crude Oil Oil $87,13 (-1,78)/барр болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $86,92 - $89,63 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 3 тамыз. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту