Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

размер шрифта: Aa | Aa
10.08.2012 12:24
Әлемнің басты мұнай биржаларында бейсенбі күні өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы көтерілді. Лондон мен Нью-Йорк биржаларының сайттарында осындай ақпарат жарияланды.

Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $113,22 (+1,08)/барр болды.ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні мұнайдың баррелінің бағасы $$111,6 - $113,53 аралығында болды.

Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX) биржасында - Light,Sweet Crude Oil Oil  $93,36 (+0,01)/барр болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні мұнайдың баррелінің бағасы $93,07 - $94,21 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 10 тамыз. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту