Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
27.09.2012 11:14

 Әлемнің басты мұнай биржаларында сәрсенбі күні өткен сауданың қортындысы бойынша әлем рыногындағы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты.

Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $110,04 (-0,41)/барр. ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $108,45 - $110,23 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $89,98 (-1,39)/барр. болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $88,95 - $91,34 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту