Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

размер шрифта: Aa | Aa
28.09.2012 11:59
 Әлемнің басты мұнай биржаларында бейсенбі күні өткен сауданың қортындысы бойынша әлем рыногындағы мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты.

Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $112,01 (+1,97)/барр болды. ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $109,68 - $112,5 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $91,85 (+1,87)/барр. болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $$89,88 -$92,39 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту