Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
15.10.2012 11:31
 Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $114,62 (-1,09)/барр.

ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $113,94 - $115,96 аралығында құбылып тұрды.
Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $91,86 (-0,21)/барр. болды.
NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $91,16 - $92,64. аралығында құбылып тұрды.
 

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту