Мұнайдың әлемдік бағасы түрлі бағытта өзгерді

размер шрифта: Aa | Aa
17.10.2012 10:52
Әлемнің басты мұнай биржаларында сейсенбі күні өткен сауданың қортындысы бойынша әлем рыногындағы мұнай бағасы түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты.

altЖақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $115,07 (-0,73)/барр болды. ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $114,5 - $116,2 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $92,09 (+0,24)/барр. болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $91,3 - $92,32 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту