Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

размер шрифта: Aa | Aa
19.10.2012 11:35
 Әлемнің басты мұнай биржаларында бейсенбі күні өткен сауданың қортындысы бойынша әлем рыногындағы мұнай бағасы арзандады, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты.

Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $112,42 (-0,8)/барр болды. ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $111,57 - $113,63 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $92,1 (-0,02)/барр. болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $90,66 - $92,59 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту