Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
23.10.2012 10:28
 Әлемнің басты мұнай биржаларында дүйсенбі күнгі сауданың қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы едәуір төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайттары.

Алдағы айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $109,44 (-0,7)/барр болды. ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $109,12 - $110,97 аралығында болды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $88,73 (-1,32)/барр болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $88,2 - $90,8 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту